• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Сәуір, 2021

Бұрымдылар бәсекеге дайын

150 рет
көрсетілді

12-16 сәуір аралыңында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтетіні белгілі.

Біз бұған дейін Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері осы жарыста қандай құрамда өнер көрсететіні жайында хабарлаған едік. Бүгін әйелдер күресінен өтетін бәсекелерде кімдердің бақ сынайтыны белгілі болды.

Алматыдағы додада Қазақ елі намысын мына бұрымдылар қорғайды: Валентина Исламова (50 кило),  Татьяна Ахметова (53 кило), Айша Уәлихан (55 кило), Алтынай Сатылған (57 кило), Диана Каюмова (59 кило), Ирина Кузнецова (62 кило), Гауһар Мұқатай (65 кило), Анастасия Панасович (68 кило), Жамилә Бақбергенова (72 кило) және Елмира Сыздықова (76 кило).