• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Сәуір, 2021

Facebook қолданушыларының жеке дерегі тарады

292 рет
көрсетілді

533 миллион Face­book қолдану­шы­­сы­ның телефон нө­­мірі мен жеке де­рек­тері ин­тер­нетте таралып кетті.

Ке­зек­ті шағын хакерлер форумдарының бірін­де қатысушылардың бірі әлеуметтік желі қолданушылары жайлы құпия ақпаратты интернетте жариялаған. Ашық деректерге 106 елден 533 миллионнан астам адамның мәліметі тараған. Олардың ішінде АҚШ-тан 32 миллион, Ұлыбританиядан 11 миллион, Үндістаннан 6 миллион қолданушы жайлы ақпарат бар. Онда әлеуметтік желіге тіркелген азаматтардың телефон нөмірлері, Facebook идентификаторлары, толық аты-жөні, тұрып жатқан жері, туған күні, өмірбаяны және кейбір жағдайларда электронды пошта мекенжайлары бар.

Insider интернетте тараған деректердің үлгісін қарап шығып, Facebook-тің кейбір пайдаланушыларының телефон нөмірлерін деректер жинағында көрсетілген идентификаторлармен сәй­кес­тендіру арқылы бірнеше жазбаны тексеріп көрген.

Facebook өкілі басылымға деректердің ұрлануына компанияның 2019 жылы енгізген түзетулерінің әлсіздігі себеп болуы мүмкін екенін айтқан. Интернетте кез келген адамға қолжетімді бұл ақпа­рат киберқылмыскерлердің қолына түс­се, қолданушыларды алдап соғуы әбден мүмкін.