Алматы облысында мас жүргізуші көлігімен қаққан екінші оқушы ауруханада 4 cәуір күні қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қайғылы жағдайды Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова растады.
Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз сағат 18:40-та «УАЗ» автокөлігінің жүргізушісі, Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылының 54 жастағы тұрғыны мас күйде (орташа дәреже) көлігімен жолдың шетінде тұрған екі 8 жасар және екі 9 жасар оқушы қызды қағып кетті.
Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. 14 наурыз күні оқушының бірі есін жимастан көз жұмды. Бұл оқиғаға қатысты тергеуді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз бақылауына алған еді.