Елімізде індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлердегі эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
2021 жылдың 5 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір – «жасыл» аймақта. Қазақстан таяуда әлемдік эпидемиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен еді.