Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Онда депутаттар 2021 жылғы 8 сәуірде өтетін Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенаторлар Палатаның алдағы отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қарайды.
Келісім екі ел арасындағы көші-қон процестерін реттеу жөніндегі мәліметтер алмасуды оңайлатуғамүмкіндік береді. Осылайша, тараптар статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпаратты, сондай-ақ олардың аумағындағы екі мемлекеттің азаматтары туралы мәліметтерді алмаса алады.
Сондай-ақ Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқыға салады.
Елімізде туристік басымдыққа ие ТОП-10 аумақ белгіленетін болады. Егер инвесторлар ол жерлердетуристік объектілердің құрылысын бастауды ұйғарса, онда сол кәсіпкерлерге жеңілдіктер беріледі.
Бюро отырысы барысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.