• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Сәуір, 2021

Құтыға арналған шөлмек

678 рет
көрсетілді

Атырау қаласында пластикалық құтыны жинауға арналған торлы шөлмектер пайда болды. Оны «Арнайы автобаза» ЖШС ұсынып отыр.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі мәлім еткендей, тұр­мыстық қалдықтар арасында пластикалық құтылар жиі ұшырасады. Тұрғындар оны көшеге тастап кетеді. Сол себептен, шаһардағы алаңдар мен демалыс орындарына торлы шөлмек қойылды.

«Шаһар тазалығы үшін осындай өзгеше контейнер жасалды. Бұл – торлы шөлмек түріндегі ыдыс. Бұған плас­тикалық бөтелкелер салынады. Оның алғашқы даналары Исатай-Махамбет оРталық алаңы мен Жайық өзе­нінің жағалауындағы сая­баққа орнатылды. Болашақта мұн­дай торлы шөлмектер қала тұрғындары көп серуен­дейтін өзге де алаңдар мен саябақтарға орнату жоспарланып отыр», деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

 

Атырау облысы