• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 06 Сәуір, 2021

Сенатта туристік қызметті дамыту мәселелері талқыланды

159 рет
көрсетілді

Бүгін Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында заң жобасы реттеуші құралдарды оңтайландыру арқылы ішкі және келу туризмін дамытуды ынталандыруға бағытталғандығы атап өтілді.

Еліміздің заңнамасына сәйкес туристік нысандар мемлекет қолдауындағы жеке кәсіпорындар тізіміне енгізіледі, сондай-ақ жаңа нысандар салу барысында инвестициялық преференциялар туралы нормалармен толықтырылады.

«Басымдыққа ие туристік аймақтарды жасау ресурстарды дамудың ең перспективалық нүктелеріне бағыттауға және мультипликативті әсердің есебінен туристік нарықтағы аумақтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ туризм кластері құрамына кіретін туристік ұйымдардың тиімділігін арттыруға көмектеседі», деді сенатор Динар Нөкетаева.

Талқылау қорытындысы бойынша құжатты Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.