• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Сәуір, 2021

Көкшетауда емдеу мекемесінің басшысы ұсталды

626 рет
көрсетілді

Ақмола облыстық соттың баспасөз қызметі сыбайлас жемқорлыққа күдікті ретінде «Авиценна» емдеу-алдын алу мекемесінің басшысы Жанар Молдантаева ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты судьясының 2021 жылғы 1 сәуірдегі қаулысымен күдікті Жанар Молдантаеваға қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

«Сотқа дейінгі тергеу органдары Ж.Молдантаеваға Қылмыстық кодекстің 189 бабы 4 бөлігінің 2 тармағында (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік келтіріп отыр», дейді баспасөз қызметінің өкілі.