Ақтөбе қаласында такси жүргізушісі мектеп оқушысын қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz
ВАЗ жүргізушісі 12 жастағы оқушыны Мәншүк Мәметова көшесіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде қағып, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары жүргізушіні анықтады. Ол мобильді қосымша арқылы жеке тасымалдаумен айналысатын 59 жастағы ер адам болып шыққан.
Сараптама нәтижесі бойынша ер адам сау болған. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Мектеп оқушысы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жатқызылды.