• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
24 Сәуір, 2010

ІЗГІЛІКТІ ІСТЕР ШЕРУІ

687 рет
көрсетілді

Павлодардың әлеуметтік-волон­тер­лық орталығы №43 орта мектеп­те “Ізгілік сабағы” акциясын ұйым­дас­тырды. Бұл шара “Ізгілікті Пав­ло­дар” қайырымдылық фестивалі­нің заңды жалғасы іспетті болды. Акцияға “Десента” қоғамдық ұйы­мы бастамашылық танытса, ол өт­кен ақпан айында “Сыйлыққа ар­ман”, “Менің сүйікті аулам”, “Са­тып алдың — бер” шараларын да өт­кіз­ген болатын. Сол жолы павло­дар­лықтарға қайырымдылық та­нытуға мүмкіндік беріліп, талантты балаларға, мүмкіндіктері шектеулі бүлдіршіндерге, үйсіз жандарға қайырымдылық көрсетілген еді. Яғни, облыс орталығының тұрғын­да­рына мұқтаж адамдарға жақ­сы­лық жасау үшін үндеу тасталған-тын. Ал “Ізгілік сабағының” бұл жолғы шарасы сәл басқа бағытта жүрді. – Теледидардан біз Теміртау жас­тарының аулалардағы спорт алаңдарын қалпына келтіріп жат­қандары туралы сюжет көріп қал­дық.  Сөйтіп, теміртаулықтардың бастамаларын іліп әкету жөн деп шештік. Балалардың, ересектердің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып үндесіп, ізгілікті іске ден қойғандары қандай ғанибет, – дей­ді Әлеуметтік-волонтерлық орталық жобаларының үйлестірушісі Свет­ла­на Гладышева. Павлодардың №43 орта мек­те­бінде бастау алған шараны басқа білім ордалары жалғастырып әкет­пек. Өйткені, облыс орталығын­дағы әр мектепте волонтерлар мен еріктілер жасақтары бар. Олар төменгі сыныптарға келіп, осындай “Ізгілік сабақтарын” өткізеді. Бұл ша­ралардың ерекшелігі сонда, са­бақ­тарға педагогтармен қатар, ата-аналар мен жастар қатысады. Бәрі­міз бірлесіп мүдделестік таныт­қанда ғана ізгілікті істер өте қажет екенін көрсете аламыз. Фарида БЫҚАЙ. ПАВЛОДАР. СЕНАТ ДЕПУТАТЫ САЙЛАНДЫ Қостанай облысынан шығып қалғанның орнына Парламент Сенатының депутатын сайлау бо­лып өтті. Өткен жылдың  11 желтоқ­са­нын­да Сенаттың қаулысы қабыл­данып, соған орай Конституцияға сәйкес, басқа жұмысқа ауысуына байланысты  Сенат депутаты Ев­ге­ний Иосифович Аманның өкілеттігі тоқ­татылған болатын. Облыстық сайлау комиссиясы Қостанай об­лы­сынан Парламент Сенатының депутаттығына  үміткерлер Асқар Арон­ұлы Мұратов пен  Жеңіс Мирасұлы Нұрғалиевті  тіркеген еді. Таңдаушылардың бірлескен отырысында  көпшілік дауыспен Жеңіс Мирасұлы Нұрғалиев Сенат депутаттығына өтті. Ол бұған дейін Қостанай облысы әкімінің орын­басары болып қызмет істеді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. ҚОСТАНАЙ. БАЛА КҮТУШІ ДЕ — МАМАНДЫҚ Елбасы тапсырмасымен өткен жылдан бастап қолға алынған “Жол картасы” бағдарламасы көп­те­ген мүмкіндіктерге жол ашып берді. Соның бірі – жұмыссыз отырған адамдарға мамандық беріп, еңбекке орналастыру. Қазіргі кезде Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов атындағы пед­кол­леджде “Жол картасына” сәйкес бала күтушілер мен тәрбиешілер даяр­лануда. — Әрине, қай мамандықтың да өз орны бар. Дегенмен техникалық, педагогикалық мамандықтармен қатар өмірге қажетті басқа да кәсіп түрлерін ұмытуға болмайды. Мәсе­лен, кәдімгі бала күтушілік көп еле­не бермеуі мүмкін. Біз қазіргі таңда бұл мамандықтың да аса қажет екендігін түсіндірдік. Осы бас­тамамыз Білім және ғылым ми­нистрлігі тарапынан қолдау тауып, мемлекеттік стандартқа енгізілді, — деді газет тілшісіне колледж ди­ректоры, педагогика ғылым­дары­ның докторы, Орал қалалық мәс­ли­хатының депутаты Шалқыма Құр­манәлина. – Биыл бала күту­ші­лер мен тәрбиешілер жиырма адамнан екі топта оқытылуда. Жұ­мыс­пен қамту органдары арқылы жолдамамен келгендер үш айлық курс кезінде ай сайын 7500 тең­ге­ден шәкіртақы алады. Әсіресе, Қа­зақ­стан бойынша бірінші рет қолға алынған бала күтушілікке оқуға қала мен аудандардан тілек біл­ді­ру­шілер көп болып отыр. Қазірдің өзінде 25 адам екінші кезекке жазылды. Колледжде арнайы оқу бағ­дарламасы жасалып, курс тың­дау­шылары сол бойынша білім алуда. Бала күтушілер мен тәр­бие­шілер оқуын бітіргеннен кейін келген жерлеріне барып, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне орналасады. Колледжде биыл осы екі мамандық бойынша 60 адам оқып шықпақ. Бұл мақсатқа 5,838 млн. теңге бөлініп отыр. Жалпы, аталмыш педколледжде “Жол картасы” бойынша да ма­ман­дар даярлау жолға қойылып, тәжірибе жинақталған. Айталық, өткен жылы ЭЕМ операторлары мен хатшы-референттер оқып шықты. Қазіргідей кезеңде адамдар өздеріне қажетті мамандық алып, жұмыс тауып жатса, мұның кім-кім үшін де пайдалы екендігі анық. “Жол картасында” алға қойылған мақсаттың бірі де осы. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы. ЖОЛ МЕН ЖОЛАУШЫ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА Күн тәртібінен жол мен жолаушы мәселесі әсте түскен емес. Қазіргі кезде ішкі тасы­мал­даудағы автокөлік құрал­да­рының жиілігі шекаралық тасы­малдауға қарағанда 9 есеге арт­қанын көрсетеді. Өңірде тұрақ­ты жұмыс істейтін бір ғана кө­лік­тік бақылау мекемесі бар еке­нін ескерсек, ол ұзындығы 6953 шақырымдық жергілікті пайдаланымдағы және ұзын­ды­ғы 2664 шақырымдық респуб­ли­калық маңызы бар автожол­мен жүретін автокөлік құрал­да­рын бақылайды. Осы жолдарды пайдаланған жүргізу­шілер та­сы­мал­дау барысындағы көлік са­ла­сы заңдарын бұзып, қауіп­сіз­дік шараларын көбіне ұмыт қал­дыратыны айтпаса да түсі­нік­ті. Осының әсерінен сал­мақ­тық, тағы басқа өлшем бірлік­терінің рұқсат етілген көлемі сақталмағандықтан, жол істен шығып, жиі қосымша жөндеуді талап етеді. Қазіргі кезде өңірдегі Ал­маты-Сарыөзек-Талдықорған-Үшарал-Достық, Алматы-Шон­жы-Ақсай-Қалжат-Ұзынағаш-Отар бағыттарында үш ауы­сымда көлік бақылауын жүзеге асыратын көшпелі бекет жұмыс істеуде. Дей тұрсақ та, көктемгі және жазғы кезеңдерде жүк көліктерінің салмақтық өлшем бірліктерін сақтамауынан жол төсемдерінің мезгілсіз бұзы­луы­на әкеліп соғуда. Осының сал­да­рынан жолаушы мен жүк та­сы­малдау қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету мақсатында соңғы бес жылда республикалық автожол­дар­ды жөндеуге бюджеттен 560 млрд. теңге бөлініп, жолдар ретке келтірілгенін көреміз. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.