Теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Қазіргі кезде әйелдер арасында Қазақстанның екі өкілі ТОП-30, ерлер арасында бір спортшымыз әлемдегі ең үздік 50 теннисшінің қатарына еніп отыр.
WTA тізімінде ең үздік көрсеткіш Елена Рыбакинаға тиесілі. Ол өзінің 23-орнын сақтап қалды. Ал күні кеше АҚШ-тың Чарльстон қаласында өз мәресіне жеткен Volvo Cars Open турнирінде табысты өнер көрсеткен Юлия Путинцева рейтингте 31-орыннан 30-сатыға жоғарылады. Осылайша араға үш жыл салып ол үздік 30 теннисшінің қатарына қосылды. 2017 жылдың ақпан айында Путинцева әлемдік рейтингте 27-орынға дейін көтерілген еді. Өкінішке қарай, Зарина Диас әлемдік рейтингте екі орын төмен сырғып, 90-сатыға жайғасты.
Ерлер арасындағы рейтингте отандастарымыз арасында ең үздік нәтижеге Александр Бублик қол жеткізіп отыр. Ол АТР рейтингінде 42-орынды еншілеуде. Қалған теннисшілеріміздің нәтижесі көңіл көншітпейді.