Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осы уақытта емделіп жатқан науқастарға қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 35 178 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 12 324 пациент стационарда, 22 854 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 586 адамның жағдайы ауыр;
• 175 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 112 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.