• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Сәуір, 2021

Өткен жылы 140 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілген

141 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік алған 30 жыл аралығында елімізде 170 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салынып, 1,6 миллионнан астам азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті. 

Вице-министрдің айтуынша, 2020 жылы республика бойынша 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 140 мыңнан астам тұрғынжай пайдалануға берілген.

«Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 33,6% - ға өсіп, 2 трлн теңгені құрады. Мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесіне 5 теңге жеке инвестициялар тартылды. «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2021-2025 жылдар аралығында 103 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша құрылыс саласында енгізілген локдаундарға қарамастан дамудың оң серпіні байқалады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13% артты. Құрылыс белсенділігінің өсуі Маңғыстау облысын қоспағанда, 16 өңірде байқалады», - деді Қ.Өскенбаев. 

ИИДМ мәліметінше, биыл 1 тоқсанда 2,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,6% - ға жоғары, 23 663 тұрғынжай пайдалануға берілді.