• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Футбол 15 Сәуір, 2021

ПСЖ есе қайтарды

166 рет
көрсетілді

Кеше футболдан Чемпиондар лигасы­ның ширек финал матчтарының жауапты кездесулері өтіп, жартылай фи­налға жолдама алған алғашқы екі ұжым белгілі болды.

Барша жанкүйер көз тіккен Париждегі матч «Баварияның» (1:0)  жеңісімен аяқталса да, турнирдің былтырғы жеңімпаздары жарыс жолынан шығып қалды. Екі ойын қо­рытындысы бойынша жалпы есеп теңес­кенімен (3:3), бір апта бұрын Германияда өткен бәсекеде ПСЖ қонақта соққан үш голының арқасында жартылай финалға жолдама алды. Осылайша Париж командасы «Бавариядан» былтырғы жеңілісінің есесін қайтарды. Чемпиондар лигасының өткен жылғы финалында ПСЖ 1:0 есебімен же­ңіліп, қос құлақты кубоктан құр қалған еді.

Қатар өткен «Порту» мен «Челси» ара­сын­дағы кездесуде де жеңіске жеткен команда жартылай финалға шыға алмады. Тең дәрежеде өткен ойынның соңғы минутында «Порту» гол соғып, қарсыласынан басым түскенімен екі ойынның қорытындысы бойынша (2:1) бәрібір «Челсиге» жол берді.