• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2021

Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді

525 рет
көрсетілді

Алматы қаласының хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді. Зообақ қонжықтар есіміне байқау жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Біздің зообағымызда жақында тянь-шаньдық қонжықтар өмірге келді. Енді біз осы жаңа туған екі қонжыққа лайықты ат қоюға байқау жариялаймыз. Ұсыныс-пікірлеріңізді бөліссеңіздер болады», – делінген хабарлама Тянь-Шань қоңыр аюы – Памир, Тянь-Шань және Гималай тауларында тұратын қоңыр аюдың оқшауланған аз түрі.

Ол салыстырмалы түрде кішкентай: дене ұзындығы 140 см-ге дейін, салмағы 300 кг-ға дейін жетеді. Ол жерлерде 200 және 300-дей аю тіршілік етеді.