• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Сәуір, 2021

ТЖМ: Елді мекендерді су басу қаупі азайды

183 рет
көрсетілді

Ел аумағының 10%-ында қар жамылғысы әлі де сақталған. Бұл негізінен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, ішінара Қостанай, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпан айынан бастап Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырыстары, оның ішінде осы мәселе бойынша Үкімет отырысы өтті, онда алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары бойынша нақты іс-шаралар тапсырылған болатын.

«Бүгінгі күні елді мекендерде су басу қаупі барынша азайтылды. Өткен үш жыл ішінде жүзеге асырылған «Жол картасын» іске асыру бүгінге дейін жалғасып келеді. Алдағы үш жылда 217 елді мекенде су басу қаупі толығымен жойылады», деді  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің бас құтқарушысы Юрий Ильин.

Оның айтуынша,  46 тұрғын үй су астында қалған. Барлық жұмыстар жүргізілді, су сорылды, тұрғындар өз үйлеріне қайта оралуда. ШҚО-да апта соңына дейін Қарағанды гарнизонынан азаматтық қорғаныс полкі кезекшілік етеді.