Rixos Water World Aktau қонақ үйінің иесіне карантин талаптарын сақтамағаны үшін ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz
10 сәуір күні Ақтау қаласындағы Rixos Water World қонақ үйінде танымал «Ирина Кайратовна» тобының концерті өткен еді. Алайда кәсіпкерлік нысанның иесіне карантин талаптарын бұзғаны үшін 800 АЕК (2 миллион 333 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
«Полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдерінен құралған мобильді топ кешен иесіне карантин талаптарын бұзғаны үшін хаттама жасап, түсініктеме алды. Себебі қаладан 20 шақырым жерде орналасқан курорттық аймақта адамдар көп жиналды», деп хабарлады әкімдік өкілі.