• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Теннис 16 Сәуір, 2021

Келесі кезеңге шықты

110 рет
көрсетілді

Бұл күндері қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев Хорватиядағы Сплит 2 челленджер турнирінің жұптық сынында өнер көрсетуде.

Халықаралық жарыстың екінші ракеткасы ретінде тіркелген А.Недовесов пен А.Голубев бастапқы кездесуінде корт иелері Борна Гойо мен Нино Сердарушичпен кез­десіп, екі сетке созылған тартысты бәсе­кеде 7:6 (8:6), 7:6 (7:4) жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. Қазақстандық жұп жар­тылай финалға шығу үшін чехиялық Зденек Колар пен Лукаш Росолмен бақ сынасады. Недовесов пен Голубев дәл осы екі теннисшіні жуырда Сплитте өткен жарыстың финалында жеңген болатын.