• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Сәуір, 2021

Алматыда құны 66 миллиард теңгеден астам 5 мыңнан аса пәтер салынды

117 рет
көрсетілді

ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы халықтың қалың жігінің тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру үшін тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес былтыр жалпы құны 66,5 млрд. теңге болатын 5 206 пәтер (294 мың шаршы метр) салынды, мұның828-і жалға берілетін және 4 378-і кредиттік тұрғын үй пәтері.

Осы жылы Түрксіб ауданындағы «Жас қанат»кентінде   2 730 пәтердің (142 мың шаршы метр) құрылысы басталды, оның ішінде 1451 пәтер жалға берілетін, 1279 пәтер кредиттік тұрғын үй.

Қолжетімді тұрғын үй құрылысына Базис және «Казак-строй» сияқты ірі компаниялар тартылды.Былтыр «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде коммерциялық тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін республикалық бюджет қаражатынан 222 көппәтерлі тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық желілер тартылды – бұл шағын аудандағы тұрғын үй кешендері –«Шұғыла», «Ақбұлақ», «Восточка», «Алғабас»және «Жас қанат» шағын аудардар, нәтижесінде 16 мыңнан астам пәтер салынды, оның бір бөлігі (50пайыз) Мемлекеттік бағдарламалар бойынша іске асырылды.

Осы бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасатын болады. Бүгінгі күні 227 тұрғын үйге инженерлік желілер алдын ала мәлімделген.Сонымен қатар, тұрғын үй секторының құрылысымен бірге білім беру және

Кейіннен бұл нысандар қаланың коммуналдық меншігіне берілетін болады, тиісті тетік пысықталуда.