Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов әлеуметтік желіде жантүршігерлік видео жариялады, деп хабарлайды Еgemen.kz.
Видеода басқарма басшысы Шымкент маңында орналасқан Асар шағын ауданындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында екендігін айтады. Дәрігердің айтуынша, инфекция жұқтырған науқастар осы ауруханаға жеткізіледі.
«Жансақтау бөлімінде науқас өте көп. Көбі 20 мен 30 және 40 жастағы адамдар. Олар қазір өте ауыр жағдайда. Барлығыңызды коронавирусқа қарсы вакцина салуға шақырамын. Бүгінде Шымкенттің барлық мемлекеттік және медициналық мекемесінде «Спутник V» вакцинасын тегін салғызуға болады», деді ол.
Видео кадрларынан бөлімшедегі барлық төсектердің бос еместігін аңғаруға болады. Науқастардың кейбіреуі жасанды тыныс алу аппаратында жатыр, сондай-ақ арнайы құрылғының өзімен дем алуы қиындап жатқан науқастарды көруге болады.
Гаухар ҚАПАШ