• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Сәуір, 2021

Алматылық жүзушілер алдарына жан салмады

415 рет
көрсетілді

Ақтөбеде жүзуден Қазақстанның ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. Бұл жарыста еліміздіңк барлық өңірінің өкілдерімен қоса Қырғызстанның да спортшылары бақ сынады.

187 жүзуші сайысқа түскен жарыстың жалпы командалық есебінде Алматы қаласының өрендері алдарына жан салмады. Олар 12 алтын, 10 күміс және 8 қола медальді олжалады. Екінші орында – Ақтөбе облысы. Ақтөбеліктер 10 алтын, 16 күміс және 7 қола жүлдеге қол жеткізді. Үшінші сатыға Түркістан облысы табан тіреді. Оңтүстіктен келген оғыландар 5 алтын, 5 күміс және 5 қоланы қоржынға салды.  

 

Ел біріншілігінде топ жарғандар қатарында Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин, Ғалымжан Балабек, Аделайда Пцелинцева, Диана Тасжанова, Виталий Худяков, Мария Федотова, Даниэл Қаракөз және тағы басқа танымал спортшылар бар.