Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер құрамы 21 мамыр мен 6 маусым күндері Латвияда өтетін хоккейден әлем чемпионатына қатысатын кеңейтілген құрамды жариялады.
Қазақстан хоккей федерациясының мәліметі бойынша, құрамға 35 ойыншы енген. Осылардың ішінен әлем чемпионатына тек 28 хоккейші (25 ойыншы, 3 қақпашы) ғана барады. Кеңейтілген тізім мынадай: Қақпашылар: Хенрик Карлссон («Барыс»), Никита Бояркин («Сарыарқа»), Демид Еремеев («Теміртау»), Андрей Шутов («Торпедо»); Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Самат Данияр, Даррен Диц, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Егор Шалапов, Виктор Сведберг (бәрі де – «Барыс»), Әділ Бекетаев («Торпедо»), Кирилл Полохов («Тамбов»), Дмитрий Степанов («Ақтөбе»).
Шабуылшылар: Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков, Роман Старченко, Кертис Волк (бәрі де – «Барыс»), Саян Данияр («Номад»), Дмитрий Гренц, Кирилл Савицкий, Александр Шин, Артем Лихотников (бәрі де – «Торпедо»), Александр Борисевич, Владислав Никулин («Сарыарка»), Евгений Рымарев («Югра»), Найджел Доус («Ак Барс»).
Ұлттық құраманы Юрий Михайлис жаттықтырады. Қазақстан құрамасы «Барыс Аренадағы» жаттығу жиынына 29 сәуірде кіріседі.