• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2021

«Ертіс орманы» резерватындағы өрт сөндірілді

531 рет
көрсетілді

19 сәуір сағат таңғы сағат 8:30-да Павлодар облысы «Ертіс орманы» резерватындағы өрт ауыздықталды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өртке оранған алқап 1000 гектарға дейін жеткен, оның ішінде орманды алқап 300 гектарды құрайды. Өртті сөндіруге 50 техника мен 206 адам жұмылдырылған.

«Галкин ауылдық округінің екі елді мекеніне қауіп төнген болатын, алайда оның алдын алдық. Қазір елді-мекендерге төнген қауіп жоқ. Өртенген аумақ алдын-ала мәлімет бойынша мың гектарға дейін жетеді. Жағдайды бақылауға аламыз», деді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегенов.

Оның айтуынша, өрттің таралу жылдамдығы секундына 25 мертмен соққан жел әсер еткен.

Айта кетейік, «Ертіс орманы» резерватындағы өрттің 18-сәуір күні басталғаны туралы жазған болатынбыз. Алдымен резерват аумағындағы құрғақ шөп өртеніп, кейін орманға жайылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Гаухар ҚАПАШ