• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 20 Сәуір, 2021

Жасанды интеллектінің жәрдемі

381 рет
көрсетілді

Осыдан екі жыл бұрын «Алтыналмас АК» акционерлік қоғамы «Цифрлы кеніш» жобасының жүзеге асырылатынын хабарлады. Кейін оны Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі іске қосты. Бұл тау-кен өндірісіне жасанды интеллектіні әкелген алғашқы жобалардың бірі болатын.

«Цифрлы кеніш» геологиялық барлаудан дайын өнімді шығаруға дейінгі тұтас өндірістік циклді автоматтандыруға мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде компанияның операциялық шығындары 15-20 пайызға қысқарды. Тиісінше жедел шешімдер қабылдауға, сапаны жақсартуға, өндіріс қауіпсіздігін арттыруға жол ашты.

Былтыр «Алтыналмас АК» ком­­­­­паниясының Ақтоғай алтын­ өн­ді­ру фабрикасында brains.app платформасы базасында жасанды интеллект технологияларының көмегімен кенді ұнтақтау процесін оңтайландыру жүйесі енгізілді. Физи­калық әрі математикалық мо­дель­деу, машиналық оқыту мо­дель­дерін қолдану операторларға жұмыс үстінде оңтайлы шешімдер қабылдауға, тәуекелдерді азайтуға, еңбек қауіпсіздігін күшейтуге және өндірістік процестерді оңтай­лан­дыруға мүмкіндік береді.

Жобаны қазақстандық Tech Garden­ мемлекеттік қоры мен бри­­­­тан­­дық IntelliSense.io компа­ниясының бірлескен кәсіпорны ретінде құрылған IntelliSense-LAB технологиялық даму орта­лығы іске асырды. Мақсат – Ин­дус­трия 4.0 тұжырымдамасы шеңберінде кәсіп­орындарға жасанды интеллект технологияларын енгізу.

«Алтыналмас АК» АҚ бас биз­нес-кеңесшісі Дарын Мұңсыз­баевтың ай­туынша, IntelliSense-LAB­ коман­дасының алдына бір­неше міндет қойылған. Атап айт­қанда, диірменге шамадан тыс жүк түскен кезде тоқтап қалуын азайту, шар деңгейін өлшеуге байланысты туындайтын кідірістерді болдырмау, барабан төсеніштерінің тозуын бақылап, болжау міндеті жүктелген. Сөйтіп, осы үдерістердің бәрін байланыстыру үшін диірменнің цифрлы түрі құрылды. Ол нақты уақыт режі­мінде үдерістерді зерделеп оты­рады.

– Бұл Ақтоғай алтын өндіру фабрикасына жасанды интеллектіні ен­гізудің бір кезеңі ғана. Алдағы үш жылдың көлемінде басқа да өн­дірістік процестерді цифрландыру көзделіп отыр. Ұнтақтау про­цесін оңтайландыру 2020 жылы ком­панияға шамамен 1,3 млн доллар көлемінде артық өнім шығаруға мүм­кіндік берді. Сондықтан brains.app платформасы базасында жасан­ды интеллект технологияларын ен­гізу компания үшін нақты бағыт-бағ­дар болуы керек, – дейді Дарын Мұңсызбаев.

Компанияның IT және корпо­ратив­тік даму жөніндегі вице-пре­зиденті Жанар Аманжолованың ай­туынша, жасанды интеллект жүйесі жұмысты барынша ашық әрі болжамды етуге тырысады, сон­­дай-ақ апат кезінде тоқтап қалу уақытын едәуір қысқартады. Осы­ның нәтижесінде кәсіпорынның өнімділігі артады.

– «Цифрлы кеніш» жасанды ин­тел­­лект элементтері бар жүйені іске қосудың оң тәжірибесіне айналды, – дейді ол.