Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 33 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
18 сәуірде Қазақстанда 18 адамда COVID-19 белгілері бар пневмония анықталды. ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Бір тәулікте 30 адам коронавирустан және үшеуі пневмониядан қайтыс болды.
20 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 997 адам коронавирус инфекциясынан (38 634 КВИ+ және 363 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 13 836 науқас стационарда, 25 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:• 663 адамның жағдайы ауыр;• 176 науқастың жағдайы өте ауыр;• 96 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.