Елімізде 39 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстандағы коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 20 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 997 адам коронавирус инфекциясынан (38 634 КВИ+ және 363 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 836 пациент стационарда, 25 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:• 663 адамның жағдайы ауыр;• 176 пациенттің жағдайы өте ауыр;• 96 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.