Алматыда жалған доллар жасағандар жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары бойынша қылмыстық топ жалған доллар жасауға маманданған. Олардың доллар сақтау және сатумен айналысқаны белгілі болды.
«2020 жылғы тамызда жедел-іздестіру шаралары кезінде Алматы қаласы аумағында жалпы сомасы 4 200 доллар болатын 42 дана 100 АҚШ долларын сатумен айналысқан екі адамнан тұратын қылмыстық топ әшкереленіп, ұсталды. Сот үкімімен айыпталушылар ҚК-нің «Жалған ақшаны немесе бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, өткізу немесе сату» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзіміне сотталды», делінген хабарламада.