• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2021

Маңғыстауда ер адамның көлігінен қызыл кітапқа енген 150 келі балық табылды

714 рет
көрсетілді

Маңғыстауда қызыл кітапқа енген 150 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында «Бекіре-2021» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қызыл кітапқа енген балықтарды заңсыз аулау фактісі анықталды. Аталған іс-шара облыстың табиғатты қорғау полициясымен, ЖҚАЖ қызметкерлерімен, сондай-ақ Ақтау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонымен және Түпқараған ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді.

Мәселен, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында полиция қызметкерлері «УАЗ» автокөлігін тоқтатты. Автомобильді тексеру кезінде полицейлермен жүксалғыштан жалпы салмағы 148 килограмнан асатын бекіре тұқымдас балықтар табылып, тәркіленді. Автокөлік жүргізушісі – 25 жастағы жергілікті тұрғын.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.