• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Сәуір, 2021

«Челси» Суперлигадан бас тартады

136 рет
көрсетілді

«Челси» футбол клубы Еуропа Суперлигасына қатысудан бас тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, лондондық клуб жаңа турнирге қатысушылар тізімінен шығу үшін құжаттар дайындап жатыр.

Бұған дейін клуб жанкүйерлері «Стэмфорд Бридж» стадионына жиналып, наразылық акциясын ұйымдастырған. Жанкүйерлер алдына «Челсидің» техникалық кеңесшісі Петр Чех шығып, сабырға шықырды.

«Челси» - екі күн бұрын ғана жарияланған Суперлиганың негізін қалаушы 12 клубтың бірі.