• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 21 Сәуір, 2021

NIS пен PIIMA ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

201 рет
көрсетілді

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова мен Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Президенттік, шығармашылық және мамандандырылған мектептерді дамыту агенттігі директорының орынбасары Амирулло Абдуллаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өзбекстанда президенттік мектептер екі жыл бұрын құрылған.

– Бүгінде біздің стратегиялық әріптестеріміз – Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Кембридж университеті. Біз қазіргі уақытта әлемдік білім беру көшбасшылары ретінде танылған NIS тәжірибесіне қызығушылық танытып отырмыз,  –  деп атап өтті Амирулло Абдуллаев.

Бұл өзбек делегациясының сәуір айындағы Қазақстанға үшінші сапары. Өткен жолы PIIMA өкілдері NIS жүйесінің тарихымен, ерекшеліктерімен және жетістіктерімен танысып, сондай-ақ Педагогикалық шеберлік, Педагогикалық өлшемдер және Педагогикалық бағдарламалар орталықтарының жұмысындағы басым бағыттарды зерттеді. Елордадағы үш Зияткерлік мектептің жұмысымен танысты.

Осы кездесуде заманауи инновациялық мектептерді құру үшін өзекті стратегиялық мәселелердің үлкен топтамасы пысықталды. Күләш Шәмшидинова өзбек әріптестерінің NIS миссиясы, табысты команда құру және корпоративтік дәстүрлер туралы сұрақтарына жауап берді. PIIMA делегациясы үшін арнайы халықаралық аккредиттеу, тәрбие жұмысы және олимпиадалық қозғалыс, сондай-ақ балаларға достық және қауіпсіз орта құру ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі талдау жасалды.

Білім беру бағдарламалары орталығында NIS-Programme негізгі қағидаттары мен оның халықаралық мойындалуы талқыланды. Педагогикалық шеберлік орталығында зерттеулерді ұйымдастыру мен педагогтердің кәсіби дамуындағы бизнес-үдерістер, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған оқу қызметін жобалау бойынша кейс-сессия талқыланды.

Педагогикалық өлшеулер орталығында бағалаудың кешенді жүйесінің негізгі қағидаттары, компоненттері мен рәсімдері, конкурстық іріктеу, қалыптастырушы және жиынтық бағалауға теңгерімді көзқарас өзбек әріптестеріміздің үлкен қызығушылығын тудырды.   Қазақстандық және өзбек инновациялық мектептерінің ынтымақтастығының жаңа кезеңі бастау алды.