• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Сәуір, 2021

Індеттің алдын алмаса, адам өлімінің күрт өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін - Президент

331 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте коронавирус індеті қайтадан өршіп, эпидемиялық ахуал күрделеніп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бұл ретте, аймақтың ерекшелігін ескеріп, еңбек ұжымдарындағы ахуалға айрықша назар аудару керек.  Облыс кәсіпорындарында апта сайын  індет ошағы пайда болуда. Облыс әкіміне ірі өндірістік кәсіпорын басшыларымен бірлесіп,  індеттің алдын-алу және онымен күрес шараларын уақтылы қабылдауды тапсырамын. Вахталық тәсілмен істейтін жұмысшылардың денсаулығын мұқият қадағалау қажет», дейді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, індеттің жаңа толқыны келгеннен бері жағдайы ауыр және өте ауыр науқастар көбеюде.

«Олардың саны соңғы бір айда екі есеге артты.  Ал, емдеу мекемелерінде қажетті дәрі-дәрмек пен құрал жабдықтар әлі де жеткіліксіз екені анықталып отыр. Бұл ахуал адам өлімінің күрт өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін», дейді Президент.