• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Сәуір, 2021

Зейнетақы қорындағы қаржы қартайғанда қажет болады – Әлихан Смайылов

509 рет
көрсетілді

Үкіметте қаржы секторына жауап беретін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Зейнетақы жинағымды мерзімінен бұрын пайдалану жоспарымда жоқ. Өзім үшін жалақының бір бөлігін шегеріп, оны жинау дұрыс деп санаймын. Осы қаражат зейнеткерлікке шыққаннан кейін, қартайғанда көбірек қажет болады», деді Әлихан Смайылов редакция сауалына берген жауабында.

2021 жылы қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе жеке инвестициялық компания басқаруына беру үшін пайдалануға рұқсат берілген еді.