• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2021

Атырауда жолаушылар автобусы аударылды

1521 рет
көрсетілді

Атырауда жолаушылар автобусы аударылып, 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Жылыой ауданындағы «Теңіз-Құлсары» жолында «ПАЗ» автобусы мен КамАЗ» көлігінің соқтығысқаны туралы видео тарады. Оқиғаға қатысты полиция департаменті өкілдері түсініктеме берді.

«КамАЗ» көлігі қарсы жолаққа шыып кетіп, 11 жолаушысы бар автобус аударылған. Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Автобус жүргізушісі ауруханада жатыр. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен тергеу жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.