• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2010

БЮДЖЕТТІ ТОЛЫМДЫ ЕТУ САЛЫҚТЫҢ ТОЛЫҚ ӘРІ УАҚТЫЛЫ ТҮСУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

578 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында Қазақ­стан­да қолайлы инвестициялық жағдай жасауды, шикізаттық емес экономика секторларында жалпы салық жүктемесін төмендетуді, жеке кәсіпкерліктің еркін дамуына кедергі тудыратын әкімшілік мәсе­лелерді шешуді мемлекет басым­ды­ғының бірі деп атады. “Әрта­рап­тандырудың өзегі кәсіпкерлік бо­лады. Біз тәуекелдерді өз мой­нына алуға, жаңа рыноктарды иге­руге, инновациялар өндіруге дайын қуатты кәсіпкерлер тобын көргіміз келеді”, – деген Елбасы талабы бәріміздің алдымызға нақ­ты міндеттер қойды. Және де әр­бір мемлекеттік органның страте­гия­лық жоспары, осыған сәйкес өз қызметінің мақсаты, бағдары болу қажеттігін айрықша атап өткен болатын. Сондай-ақ, салық жүйе­сін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкес­тен­діру қажет екендігін де көрсетіп берді. Осы орайда, салық орган­дары қызметкерлерінің де негізгі міндеттерінің бірі – салық және басқа да төлемдердің мемлекет қор­жынына түсуін, болжамдалған соманың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Салықтардың бюджетке толық әрі уақтылы тү­суін қамтамасыз ету – салық ор­гандарының негізгі мақсаты. Осы­ған орай, Жамбыл облысы бой­ын­ша үстіміздегі жылдың бірінші тоқ­санында мемлекеттік бюджет­тің ағымдағы жоспары 4634,1 млн. теңге болып бекітілсе, нақты түскені 5278,9 млн. теңге. Яғни, түс­кен қаржы 113,9 пайызды құ­райды. Немесе 644,8 млн. теңгеге артық орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда 780,9 млн. теңге ар­тығымен орындалып, өсу қар­қыны 117,4 пайызға көбейді. Республикалық бюджет бой­ын­ша болжам 867,2 млн. теңге болса, нақты тускені 1460,1 млн. теңге. Түсім 593,0 млн. теңгеге ұлғайды, яғни өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 145,8 пайыз болды. Жергілікті бюджет бойынша болжам 3766,9 млн. теңге болса, нақты түскені 3818,8 млн. теңге. Түсім 51,9 млн. теңгеге артығымен орындалды. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 322,3 млн. теңгеге ұлғайып, өсу қар­қыны 109,2 пайызды құрады. Бекітілген болжамды орындау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтатын болсақ, ағымдағы жылдың алғашқы тоқ­са­нында облыста камералдық ба­қылау қорытындылары бойынша қосымша салық пен айыппұлдар есебінен 61,7 млн. теңге есептелді. Оның ішінде корпорациялық та­быс салығы – 1,5 млн. теңге, қо­сымша құнға салық – 34,7 млн. тең­ге, әлеуметтік салық – 3,2 млн. теңге, жеке табыс салығы – 0,7 млн. теңге, өндірістік емес төлем­дер – 4,6 млн. теңге, әкімшілік айыппұлдар – 17,0 млн. теңге. Сондай-ақ, жалған кәсіпкер­лік­пен айналысатын салық төлеу­ші­лерді анықтау барысында едәуір жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күн­ге дейін облыс көлемінде 153 жал­ған кәсіпкерлік белгісі бар салық төлеушілер анықталып, оларға қа­тысты 63 қорытынды құжатымен, 9240,0 млн. теңгеге құқық қорғау органдарына берілді. Нәтижесінде, ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабы бойынша 6 іс, 222-бабы бойынша 2 қылмыстық іс қозғал­ды. Қосымша резервтерді іздестіру үшін құрылған арнайы топ жұмысының нәтижесінде “Жол картасы”, “100 мектеп және 100 аурухана”, “Ауыз су”, “Тұрмыстық бағ­дарлама” және тағы да басқа мем­лекеттік инвестициялық жоба­лар шегінде жұмыс істеген, 2009 жылдың қорытындысы бойынша салық жүктемесі төмен 31 мерді­гер­дің қызметі бақыланды. Осы жобаларды жүзеге асыратын меке­мелер қызметінен бюджетке 170,0 млн. теңге салық пен төлемдер түсті. Жылжымайтын мүлік пен ав­то­көлік құралдарын, жер телім­де­рі, шаруа қожалықтары нысан­да­рын сатудан жеке тұлғалардың мүліктік табысы бойынша салық мін­деттемелерінің орындалуына бақылау жасалды. Нәтижесінде, үстіміздегі жылдың өткен үш айында 2,8 млн. теңгенің табыс салығы есептеліп, оның 1,4 млн. теңгесі өндірілді. Шағын кәсіпкерлік жайына келетін болсақ, біздің салық орга­ны­на 53431 шағын кәсіпкерлік су­бъектілері мен шаруа қожалық­тары тіркелген. Арнаулы салық режімін қолданатын шағын кә­сіп­керлік субъектілерінен мемлекет бюдже­тін толықтыруға қосып отырған үлесі бүгінгі таңда 240,0 млн. теңгені құрап отыр. Салық және бюджетке төле­не­тін басқа да төлемдердің толық есептеліп, уақтылы бюджетке түсуін қамтамасыз ету мақсатында 110 салықтық тексеру жүргізіліп, нәтижесінде, бюджетке қосымша 269,0 млн. теңге көлемінде салық, өсімпұл және айыппұлдар есеп­те­лін­ді. Есепті кезеңде 199 салық төлеуші тақырыптық, 110 салық төлеуші хронометраждық тексеру­мен қамтылды. Салықтық тексеру барысында 1176 әкімшілік іс қоз­ғалып, оларға жалпы сомасы 113,9 млн. теңгенің әкімшілік айыппұлы есептеліп, 8,1 млн. теңгесі мем­лекет бюджетіне құйылды. Көлік құралдары салығын уақ­­тылы әрі толық төлемеген жеке тұлғалардан 6,3 млн. теңге өнді­ріл­ді. Сот орындарының қарауына 237 құжат жолданып, 3,8 млн. тең­ге өндіру талап етілді. Ағымдағы жылдың 1 наурызынан 31 наурыз ара­лығына дейін Жамбыл облыс­тық ішкі істер басқармасымен бір­лесіп, салықты уақтылы төлеме­ген салық төлемгерлерін анықтау мақсатында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 262 көлік иесіне хабарлама беріліп, облыс бюджетіне 0,7 млн. теңге түсті. Жамбыл облысы әкімдігінің үстіміздегі жылдың 12 ақпанын­дағы “Салық төлемгерлерін есепке алынуын және қоршаған ортаға эмиссия төлемдерінің толық түсуін қамтамасыз ету туралы” 2010 жыл­ға арналған іс-шаралар жоспары бе­кітілді. Соған орай жеке көлігі­мен адам, жүк тасымалдаумен айналысатын азаматтардың күш кө­ліктерінен шығатын газдың мөлшерден тыс ауаны ластағаны үшін 101 жүргізушіге хабарлама жазылды. Оның 27-іне әкімшілік шара қолданылды. Айыппұл ретін­де 26,5 млн. теңге өндіру үшін 9 құжаттық іс толтырылып, сот орын­дарына жіберілді. Салығын уақтылы төлемеген 133 шаруа қожалығына тапсырылған хабар­ламадан кейін бюджет қоржыны 0,2 млн. теңгеге толықты. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың наурыз айында жеті уәкілетті орындармен келісіліп, Жамбыл облысы аумағында табыс табатын шетелдік азаматтардың табыс­та­рын әкімшіліктендіру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жамбыл облысы мәслихатының ХХІІ сессиясында қабылданған шешімімен алдымызға үстіміздегі жылы төлемдер мен салықтар түсімі 2 млрд. 705,8 млн. теңгеге ұл­ғайтылды. Сол себепті, облыс­тың салық органдарының алдында салық төлемгерлерінен түсетін салықтар мен төлемдердің түсімін көбейту, оның бюджетке толық әрі уақтылы түсуін қамтамасыз ету әрі сапалы қызмет көрсету міндеті тұр. Осыған байланысты салық­шы­лардың сапалы әрі уақтылы қызмет көрсетуі қоғамның салық органдарының қызметіне сұ­ра­ны­сын қанағаттандыру, белгіленген болжамдарды орындау, камерал­дық бақылаудың жұмысын жақ­сарту, уәкілетті органдармен тығыз қарым-қатынастағы іскерлік бай­ланысты нығайту мақсатындағы қызмет көрсетудің регламенттері бекітілді. Салық органдарының қызметі қаншалықты тиімді, сапалы болғанын қоғамның өзі бағалауы қажет. Сондықтан, салық төлемгерлеріне облыстық салық департаменті қызметкерлерінің қатысуымен салық заңдылық­та­рын түсіндіру мақсатында семи­нарлар, “дөңгелек үстел” ұйым­дас­тыру, “ашық есік” күнін өткізу шаралары ұйымдастырылды. Бұл салық органдарының жұ­мысына қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету әрі сапалы қызмет көрсету болса, сонымен қатар қоғам үшін қызметтің айқындығы, салық мәдениетін көтеру болып табылады. Осы бағытта біздің Жамбыл облысы бойынша салық депар­та­ментінің ұжымы сарабдал жолды ұстанып отыр. А.СЕРІКБАЕВ, Жамбыл облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары.