• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 26 Сәуір, 2021

Елордадағы Ташкент көшесі уақытша жабылды

182 рет
көрсетілді

26 және 27 сәуірде елордадағы Н.Гоголь көшесінен Игілік көшесіне дейінгі аралықтағы Ташкент көшесінде қозғалыс жартылай жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын бастады. Осыған байланысты 26 және 27 сәуірде Н.Гоголь көшесінен Игілік көшесіне дейінгі учаскедегі Ташкент көшесі бойынша қозғалыс ішінара жабылды.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген ведомство хабарламасында.