Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) кезекті рет рейтинг жаңартып, үздік спортшылар тізімін түзіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандықтар сапынан ең жоғарғы орынды Елена Рыбакина иеленген. Ол үздік спортшылар көшінде 22-ші орынға көтерілді.
Юлия Путинцева 30-шы, бір сатыға көтерілген Зарина Дияс 89-шы орында.