• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Теннис 27 Сәуір, 2021

Рейтингте жоғарылады

161 рет
көрсетілді

Теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. ТОП-100 спорт­шының қатарындағы қазақстандық теннисшілердің алдыңғы рейтингпен са­лыстырғанда бір сатыға жоға­рылады.

Әйелдер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 23-орыннан 22-сатыға, ал Зарина Диас 90-нан 89-орынға көтерілді. Юлия Путинцева болса, рейтингтегі орнын сақтап қалды. Ол ТОП-30 теннисшінің қатарында тұр. WTA рейтингінде бірінші орынды аустралиялық Эшли Барти әлі де ешкімге бермей келеді.

Ерлер арасындағы рейтингте Қазақ­станның бірінші ракеткасы Александр Бублик 42-орыннан 43-ке, Дмитрий Попко бір сатыға төмендеп, 182-ші межеге тұрақтады. Ал Михаил Кукушкин екі орынға жоғарылап, 104-сатыға жайғасты. ATP рейтингінде сербиялық Новак Джокович көш бастап тұр.