26 сәуір күні әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында браконьерлердің ізіне түскен видео таралды. Олардың арасында ішкі істер органының екі қызметкері болған, деп хабарлайды Egemen.kz
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев Facebook-тегі парақшасында браконьерлікпен айналысқан екі полиция қызметкері жұмыстан шығарылғанын жазды.
«Біздің қатарымызда мұндай қызметкерлерге орын жоқ. Браконьерлік бойынша бірде-бір факт жазасыз қалмайды, ал қылмыскер қарапайым адам немесе Құқық қорғау органдары қызметкері болғанына қарамастан жазаланады. Заң барлығына бірдей», деп айтты облыстық полиция бастығы.