Отан қорғаушы күні қарсаңында қазақстандық ер-азаматтарға қандай сыйлықтар сатып алынады?
AliExpress-тің маркетплэйс статистикасына сүйенсек, қазақстандықтар үшін ең танымал сыйлықтар киім түрлері болмақ. Айталық, наурыз айының басынан сәуір айының ортасына дейін спорт және кэжуал тауарлардың сатылымы – 2,8, кепка, бейсболка және өзге де бас киім түрлерінің сатылымы – 2,5, шарфтар мен қолғаптардың сатылымы – 2,2, худи, свитшот пен футболкалар сатылымы 2 есеге өскен.
Алыстан басқарылатын ойыншықтар мен гаджеттер де қазақстандықтар арасында ең тартымды сыйлық түріне айналған. Оған сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өскен. Бұл санатта ең танымал тауарларға бағасы 30 мың мен 400 мың теңге аралығында болатын дрондарды жатқызуға болады. Платформада жоғары сұранысқа балық аулауға арналған тауарлар да ие болды. Оның ішінде алыстан басқарылатын жемге арналған қайық, балық тазалайтын электрлі пышақтар, спинингтер мен қармаққа бекітілетін теміршелерге сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өскен.
Отан қорғаушылар күніне арналған дәстүрлі сыйлықтар да назардан тыс қалмады: платформадан бағасы 1 мың мен 15 мың теңге аралығындағы әмиян, белдіктер, жеңілгектер, күннен қорғайтын көзілдіріктер және өзге де әшекейлер, қырынуға арналған құралдар және бағасы 2 500-ден 25 мың теңгеге дейінгі жеке гигиенаға арналған құралдар сатып алынған. Ал мейрам қарсаңындағы ең қымбатқа сатып алынған тауар – бағасы 860 мың теңге тұратын барбекю пісіруге арналған инфрақызылды газ жанарғылар жинағы. Мейрам алдындағы ең қымбат тауарлар қатарына бағасы 415 мың теңге болатын антигравитациялық әсері бар массаж орындығы да кірді.