Техас A&M университетінің ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусын жоғары температураны пайдаланып 1 секунд ішінде жою тәсілін тапты. Зерттеу нәтижелері Phys.org порталында жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
COVID-19-ды сәтті бейтараптандыру үшін жылуды қолдану тиімділігі бұрын да сөз болған, бірақ алдыңғы зерттеулерде температураның әсер етуі бір минуттан 20 минутқа дейін созылған екен.
Сарапшылар тот баспайтын болаттан жасалған құбыр бөлігінен тұратын жаңа эксперименттік қондырғы жасады, ол арқылы коронавирус бар ерітінді өтеді. Құбыр жоғары температураға дейін қызады, бірақ вирус бірнеше секунд ішінде ыстықтың әсерінен жоқ болып кетеді.
Олар тәжірибе барысында вирусты өздері ойлағаннан да әлдеқайда қысқа мерзімде залалсыздандыруға болатынына көз жеткізген. Егер ерітінді шамамен жарты секундта 72 градус Цельсийға дейін қыздырылса, онда вирустың титрі жүз мың есе төмендейді, бұл вирусты бейтараптандыруға және адамдарға таралуын болдырмау үшін жеткілікті-мыс.
Бұл әдісті қолданыстағы кондиционер, желдету және жылыту жүйелерінде қолдануға болады дейді авторлар.
Алайда «Медицина 24/7» эксперттік медицина клиникасындағы ресейлік дәрігер коронавирусты жоғары температура арқылы секунд ішінде өлтірудің мұндай тәсілі практикалық қолданыста жарамайтынын айтады.
Ғылыми зерттеу жайлы мақаланың түпнұқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.