• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2021

ШҚО-да 40 гектарға жайылған өрт ауыздықталды

133 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 40 гектарға жайылған дала өрті оқшауланды, деп хабарлайды Еgemen.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, тілсіз жау бүгін Гремучий Луг шатқалында шыққан.

Оқиға орнына департаменттің жеке құрамынан 26 адам, 4 техника және Алтай орман шаруашылығынан 60 адам мен 9 техника дереу келіп жеткен. «Қазавиаорманқорғау» АН-2 ұшағымен өрт ошағын аралаған кезде орманға қауіп төніп тұрмағандығы анықталды. Желдің екпіні секундына 10 метрді құраған. Осының салдарынан от 40 гектар аумаққа жайылып кетті.

Аймақ басшысының өкімі бойынша тілсіз жаудың одан әрмен таралуына жол бермеу үшін қосымша ШҚО әкімдігінің «МИ-8» тікұшағы жеткен», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта қызыл жалын оқшауланды. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.