• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Мамыр, 2021

Өскеменде 14 жастағы оқушы жоғалып кетті

233 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында кеше жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

«30 сәуір күні кешкі 18:00 шамасында 2007 жылы туған Рустам Слембаев үйінен шығып кеткен. Содан бері қайтып оралмаған», деді полиция өкілдері.

Тәртіп сақшылары жасөспірімді адамдар соңғы рет Красин ауылында көргенін айтты. Рустам Слембаевтың белгілері: бойы 150-160 сантиметр, арықша келген, сары, шашы қысқа, көзі көк, ерні томпақ, бетінде тыртық бар. Сондай-ақ, үстінде сұр желбегей, бейсбол қалпақшасы мен қара сұр түсті спорттық костюм болған. Ақ-көк түсті велосипедпен шыққан.