• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Мамыр, 2021

Қарағандының Саран қаласында жасалған автобустар пайдалануға берілді

248 рет
көрсетілді

Қарағандының Саран қаласындағы QazTehna зауытында құрастырылған Yutong маркалы жиырма төрт жаңа автобус Қарағанды қаласындағы қоғамдық көліктердің қатарына қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Олар барлық заманауи талаптарға және Евро-5 экологиялық класына сәйкес келеді. Арбаға таңылған мүгедектерге арналған пандустармен және алаңшалармен, балалы аналарға арналған орындармен жабдықталған әр автобуста оған қоса кондиционер де орнатылған. Сыйымдылығы – 51 адам. «Таксокомбинат-1» ЖШС көлік құралдарын «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-нан жеңілдікті лизинг бағдарламасының арқасында сатып ала алды.

Бір автобустың құны 37 млн теңге. Осылайша тасымалдаушы компания паркі 25%-ға жаңартылды. Автобустардың орташа тозу жасы 8-ден 5 жасқа дейін төмендеді. «Бірінші кезекте автобустар №1 және 30 маршруттар бойынша жүреді. Сондай-ақ, біз №7, 013, 28, 31 желілерге қызмет көрсетеміз. Автобустар электронды билеттеу жүйесіне дайын, деді «Таксокомбинат-1» ЖШС директоры Алексей Пен.