Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында АҚШ-тағы ITF сериясындағы W60 Charlottesville турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz
Доданың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина аустралиялық Арина Родионовамен бірге жарыс барысында барлық кездесуінде де жеңіске жетті.
Финалда қазақстандық-аустралиялық жұп жаңазеландиялық Эрин Рутлиф – индонезиялық Алдила Сутджиадимен бас жүлдені сарапқа салды.
А.Данилина мен А.Родионова 1 сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта қарсыластарын 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Бұл – қазақстандық теннисшінің жұптық сындағы биылғы екінші жүлдесі.