• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Мамыр, 2021

Иранда химиялық зауытта жарылыс болды

184 рет
көрсетілді

Иранның Кум қаласындағы химиялық зауытта алапат өрт пен жарылыс болды. Зардап шеккендер бар,  деп хабарлайды Egemen.kz 

Зауытта өрт шығып, кейін бірнеше жарылыс болған, оқиға орнына 150 өрт сөндіруші мен 20 техника жұмылды. Зауыттың бір бөлігі эвакуацияланды.

Провинцияның өрт сөндіру қызметінің өкілі Хамид Курейми Fars агенттігіне өртте екі өрт сөндіру көлігі зақымданғанын және екі өрт сөндіруші ауыр жарақат алғанын айтты.

«Өрт сөндірілді, біз оның басқа қоймаларға таралуына жол берген жоқпыз, әйтпесе өндірістік аймақта одан да үлкен өртті көрер едік», деді Курейми.