• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Мамыр, 2021

Павлодарда әскерден қашып кеткен жігіттің аяғына ота жасалады

163 рет
көрсетілді

Мамандар жас жігіттің жағдайын тұрақты деп бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Мұхамедкәрім Құлниязовқа ота жасау қажет.

- Оның диагнозы - сол  жақ асық сүйегінің жабық ұсақталған сынуы, омыртқаның қысылған сынуы, - дейді басқармада. -  Асық сүйегіне кейінірек операция жасалады. Науқастың жағдайы тұрақты. Қазір ол Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының политравма бөлімінде емделуде.

Еске сала кетейік, 2021 жылы 2 мамырда әскери міндетін өтеуге шақырылған Павлодар қаласының тұрғындары 23 жастағы Мұхамедкәрім Құлниязов пен 20 жастағы Рүстем Назымбеков облыстық әскери комиссариаттың үшінші қабатынан секіріп, рұқсатсыз кетіп қалған. Олардың бірі № 1 қалалық ауруханаға түсті.