• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Мамыр, 2021

Софияда соңғы жолдамалар сарапқа салынады

205 рет
көрсетілді

Ертең Болгарияның бас шаһары – Софияда күрес түрлерінен Олимпия ойындарының соңғы жолдамалары сарапқа салынатын халықаралық турнирдің шымылдығы түріледі.

Үш күнге созылатын бәсекелер барысында Қазақстаның жеті балуаны күш сынасады. Грек-рим күресінен ұлттық командамыздың бас бапкері Бақтияр Байсейітов Алмат Кебісбаев (67 кило), Олжас Сырлыбай (97 кило) және Әлімхан Сыздықов (130 кило) сынды шәкірттеріне сенім артып отыр. Алмат пен Әлімхан үшін бұл лицензиялық турнирдегі алғашқы сынақ. Ал Олжас сәуір айында Алматыда өткен додада алға қойған мақсатына қол жеткізе алмаған еді.

Әйелдер күресінен де үш жерлесіміз өнер көрсетеді. Олар – Алтынай Сатылған (57 кило), Айна Теміртасова (62 кило) және Жамиля Бақбергенова (68 кило).

Еркін күрестен Софияда бір жолдама алсақ, жерлестеріміз Токиоға толық құрамда аттанады. Бұл жолы да біздің бапкерлер Азамат Дәулетбековті (86 кило) дүбірлі додағы қосуды құп көріп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, айтулы жарыста балуандар ең соңғы 36 лицензияны сарапқа салады. Ол жолдамаларға тек әр салмақ дәрежесі бойынша финалға шыққан саңлақтар ғана иелік етеді.