• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Мамыр, 2021

Мексикада құлаған метро көпірінен қаза тапқандар саны 24-ке жетті

164 рет
көрсетілді

Қазір жарақат алған 70 адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Мамандар мерт болғандардың саны тағы артуы мүмкін дейді. Өйткені қирандылар астында тағы адамдар болуы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазіргі таңда көпірдің басқа бөліктерінің қирау қаупі болғандықтан құтқару жұмыстары уақытша тоқтатылды.

Мексиканың бұқаралық ақпарат құралдары осыдан бірнеше жыл бұрын құлаған метро көпірі пайдалануға жарамсыз екенін жарыса жазған еді. Жергілікті тұрғындар да шағымданған болатын. Мәселен, 2017 жылы болған жер сілкінісінен кейін көпір жарыла бастаған. Алайда биліктің екі мәрте жүргізген тексеруінен кейін еш ақау табылмады. Енді ел президенті шетелдік сарапшылармен әділ тергеу жүргізуге уәде берді. 

Еске сала кетейік, апат 3 мамырда болды. Метро көпірі жолаушылар отырған пойызбен бірге құлаған. Мексикада қайғылы оқиғаға байланысты 3 күн аза тұту күні деп жарияланды.