• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2021

Науқастардың 45%-ы адам көп жиналатын орындарға барған – санитарлық дәрігер

162 рет
көрсетілді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қала тұрғындарын шектеу шаралары мен санитарлық нормаларды, сондай-ақ үй карантині талаптарын толықтай сақтауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Эпиданамнезде науқастардың 45%-ы адам көп жиналатын орындарға (сауда-ойын орталықтары, қоғамдық тамақтану объектілері және т.б.) бірнеше рет барған, науқастардың 1%-ы бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, кештер, еске алу және т.б.) өткізуге қатысқанын, ал 32%-ы үй ошағында сақтық шараларын сақтамаған», деп хабарлады Сархат Бейсенова.

Ол амбулаториялық науқастардың да, жақын байланыста болған адамдардың да шектеу шаралары мен карантинді сақтамауы коронавирустық инфекция жағдайларын тіркеудің негізгі себебі болып қала беретінін атап өтті.

5 сәуір мен 4 мамыр аралығында «Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс істейтін объектілерде 880 үй карантинін бұзушы анықталды, оның ішінде 414 – науқас және 466 – байланыста болған адам.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда. «Қызыл» немесе «сары» статусы бар тұрғындар COVID-19 тасымалдаушылары бола отырып, мегаполистің қоғамдық орындарында жүріп, иммунитеті төмен, қарттар мен балалар, сондай-ақ басқа да қауіп тобындағы адамдарға жұқтырады. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласының «қызыл» аймақта болу кезеңін ұзартып, COVID-19 бойынша сырқаттанушылықтың күнделікті өсуіне әсер етуде. Осы себепті қала тұрғындарына, әсіресе үй карантиніндегі адамдарға, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне айтарым, барлық шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді сақтаңыздар, бұл инфекцияның таралуын төмендетуге және ауру қаупін азайтуға мүмкіндік береді», деді Сархат Бейсенова қала тұрғындарына.