Қазақстан вакцина алған азаматтар саны бойынша әлемде 57-орында тұрғанын Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Вакцинация жұмыстары тұрақты қарқынмен жүруде. Қазақстан әлемде вакцина алған азаматтар саны бойынша 57-ші орында тұр. Бұл өте жақсы позиция және қарқыны да қалыпты. Егер вакцинацияның бастапқы кезеңінде күш салар болсақ, бұл халықтың вакцинадан бас тартуына әкелуі мүмкін. Еш асықтыру болмау керек. Бастапқы кезеңде нақты түсіндіру, мысал келтіру, жүйенің дайындығы, медицина қызметкерлері мен вакциналау пункттерінің дайындығы болуы керек», деді министр.